Актер Фархат Әбдірайымов дүниеден озды

21 мамыр 2021, 10:53

Танымал қазақ актері Фархат Әбдірайымов дүниеден озды.

Грузияда кино түсірілімі барысында мықты актер әрі жақсы адам Фархат Әбдірайымов қайтыс болды. Қаңтар айында ол 55 жасқа толған еді,- делінген Kozachkov offside телеграм каналында.

Фархат Нұрсұлтанұлы Әбдірайымов 1966 жылы 21 қаңтарда Алматы қаласында өмірге келген.1988 жылы Алматы технологиялық университетін тәмамдаған.

1994 жылдан бастап Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының актері.

2005 жылдан бері Қазақстан Республикасы кинематографистер Одағының мүшесі.

«Халық сүйіктісі» қоғамдық сыйлығының екі рет лауреаты болған.

Актер 1996 жылдан бері «Кімнің жаны нәзік болса», «Шанхай», «Ақсуат», «Сиқырлы демеуші», «Омпа», «Француз құрбақаларынан жасалған сорпа», «Елес қуған сайыпқыран» және басқа да киноларға түскен.

BAQ.KZ