Ел жаңалықтары

Ақтөбе әуежайында пилоттық режимде цифрлық құжаттар қызметі іске қосылды

  • Ақтөбе әуежайында пилоттық режимде цифрлық құжаттар қызметі іске қосылды

    Ақтөбе әуежайында пилоттық режимде цифрлық құжаттар қызметі іске қосылды

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде жеке куәліктерді беру процестерін цифрландыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-мен, Қазақстан Республикасының әуе компаниялары мен әуежайларымен, "ҰАТ" АҚ-мен және басқа да мүдделі органдар мен ұйымдармен бірлесіп, әуе көлігінде цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігі бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта цифрлық құжаттар қызметі пилоттық режимде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларында іске қосылған.

2021 жылдың 28 шілдесінен бастап жоба Ақтөбе қаласының әуежайында да іске қосылады. Осы үш қала арасындағы тұрақты рейстермен ұшатын жолаушылар жеке деректерін растау үшін "Egov Mobile" мобильдік қосымшасы арқылы электрондық жеке куәлігін ұсына алады. Осылайша, жолаушылар сандық жеке куәлікті қолдана отырып, саяхаттайды.

Цифрлық құжаттар қызметін пайдаланатын жолаушылар әуежайда рейске тіркелу кезінде, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде "Egov Mobile" қосымшасында жинақталатын QR-кодты көрсетуі тиіс.

Әуежайларда цифрлық құжаттар қызметі қазіргі уақытта пилоттық режимде іске қосылуда. Осы сервисті пайдалануды жоспарлап отырған жолаушылардың өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын алып жүргені жөн.




Көрілген: 578    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.07.2021, 02:13

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30