Ел жаңалықтары

Ақтөбе облысында жол апатынан екі мектеп директоры көз жұмды

  • Ақтөбе облысында жол апатынан екі мектеп директоры көз жұмды

    Ақтөбе облысында жол апатынан екі мектеп директоры көз жұмды

Ақтөбе облысында салонында төрт бірдей мектеп директоры отырған көлік жол апатына ұшырап, екеуі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 19 маусым күні кешкі сағат 20:20 шамасында Ойыл – Қобда автожолының 156 шақырымында болған.

Ойыл ауданының 102 телефонына көліктің аударылғаны туралы түскен хабарламада салонда жүргізушіні қоса алғанда 4 әйелдің болғаны айтылған.

Полиция дерегінше, Ойыл ауылынан Қобда ауылына жылжып келе жатқан Тoyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, көлікті басқара алмай қалған.

«Қатты жылдамдықпен келе жатқан автокөлік сол жаққа қарай аударылып кеткен. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен Ойыл аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

«Мой ГОРОД» басылымының мәліметінше, қаза тапқандардың екеуі Ақтөбе қаласындағы №20 және №33 мектептердің директорлары болған. Басылым төрт әріптестің Ойыл ауданындағы қасиетті орындарға тәу еткен соң, үйлеріне қайтып бара жатқан кезде апатқа ұшырағанын жазады.   




Көрілген: 2298    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.06.2021, 14:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31