Ел жаңалықтары

Ақтөбе облысында мас жүргізушінің кесірінен жолаушы көз жұмды

  • Ақтөбе облысында мас жүргізушінің кесірінен жолаушы көз жұмды

    Ақтөбе облысында мас жүргізушінің кесірінен жолаушы көз жұмды

Ақтөбе облысында мас жүргізуші жол апатын жасап, салдарынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

12 сәуір күні таңертең Темір ауданының тұрғыны, "Лада-Ларгус" автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Кеңқияқ кентінің жанындағы облыстық маңызы бар "Покровка-Жаңажол" автожолының 89 шақырымында рөлге ие бола алмай,  аударылып кеткен.

Жол апаты салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен Мұғалжар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Жолаушы алған жарақатынан келесі күні медициналық мекемеде қайтыс болды.

Жүргізуші көлік құралын "орташа" дәрежеде мас болып жүргізгені анықталды.  

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

"Апта сайын мас және басқа да ережелерді бұзатын жүргізушілерді анықтау бойынша түнгі рейдтер өткізіледі. Әдетте демалыс және мереке күндері патрульдік полиция күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады", – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.
Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жол апатына кінәлі жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан бері облыста мас жүргізушілер екі рет жол апатын жасаған және облыс жолдарында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 37 жүргізуші ұсталды.




Көрілген: 399    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 21:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31