Ел жаңалықтары

Ақтөбе облысында мас жүргізушінің кінәсінен жолаушы көз жұмды

  • Ақтөбе облысында мас жүргізушінің кінәсінен жолаушы көз жұмды

    Ақтөбе облысында мас жүргізушінің кінәсінен жолаушы көз жұмды

Ақтөбе облысында мас жүргізуші жол апатын жасап, салдарынан жолаушы қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

12 сәуір күні таңертең Темір ауданының тұрғыны «Лада-Ларгус» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі Кеңқияқ кентінің жанындағы облыстық маңызы бар «Покровка-Жаңажол» автожолының 89 шақырымында рөлді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы бойынша оң жақтағы ойыққа аударылып кеткен.

ЖКО салдарынан жүргізуші мен 28 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен Мұғалжар ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Жолаушы алған жарақатынан келесі күні медициналық мекемеде қайтыс болды.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші көлік құралын “орташа” дәрежедегі мас күйде басқарған.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

«Апта сайын мас жүргізушілер мен басқа да жүргізушілерді анықтау бойынша түнгі рейдтер өткізіледі. Әдеттегідей, демалыс және мереке күндері патрульдік полиция күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады», – деді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жол апатына кінәлі жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жыл басынан бері облыста мас күйінде жүргізушілермен екі ЖКО тіркелген және облыс жолдарында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 37 жүргізуші ұсталды.




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 22:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31