Ақтөбе облысындағы егістіктерде жұлдыз құрттар қаптап кетті

29 шілде 2021, 12:25

Ақтөбе облысында кез келген өсімдік жамылғысын жейтін жұлдыз құрттардың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы мәселеге қатысты түсініктеме берді. 

 
"Жуырдағы жаңбыр мен одан кейін болған ыстыққа байланысты полифагозды зиянкестер жұлдыз құрттар жайлады. Зиянкестердің жаппай көбеюінің өршуі 8 немесе 10 жылда бір рет болады", - деп хабарлады әкімдік. 


"Құрт-құмырсқа жеп, үш күн су ішпеген: Орманда адасып қалған бала қалай аман қалғанын айтып берді


Департамент шаруа қожалықтары зиянкестермен өздері күресуі керек екендігін айтты. Зиянкестермен күресуге кеткен қаражаттың 50% -ы бюджеттен өтелетіндігі атап өтілді. 

Бұрын Павлодар облысында жұлдыз құрттар орманның бір бөлігін құртып жіберген. Олар ағаштардың барлық жапырақтарын жеп тастаған.