Ел жаңалықтары

Ақтөбе облысындағы шошқа фермасының жұмысшылары бас көтерді

  • Ақтөбе облысындағы шошқа фермасының жұмысшылары бас көтерді

    Ақтөбе облысындағы шошқа фермасының жұмысшылары бас көтерді

Ақтөбе облысында дауға айналған шошқа фермасының жұмысшылары бас көтерді, деп хабарлайды  "Информбюро" бағдарламасы.

Екі жүздей адам билік басындағы шенділер біздің жағдайымызды ойлап отырған жоқ деп налиды. Өйткені сот орындаушылары Бестамақтағы шошқа фермасының жұмысын тоқтатып тастаған. Карантин кезінде жұмыссыз қалдық деп ашынған ауыл азаматтары Ақтөбеге келіп, биліктен нақты жауап беруді талап етті.

 
Бестамақтағы атышулы шошқа фермасы ақыры жабылды. Сот орындаушылары қожалықтың кәріз құбырын бітеп тастаған. Тұрғындар шағымынан соң ферманың екі мыңға тарта қызметкері жұмыссыз қалды. 

"Баратын жеріміз жоқ біздің, бәріміздің сұрайтынымыз ферманың жабылмауы. Жалғызбасты аналар, көп балалы аналар, жетімдер үйінен шыққан балалар да бұл жерде істеп жатқан. Қазір баратын жеріміз жоқ", - дейді жұмысшы Бағдагүл Қарабекова. 

"Болмаса біз әкімдікке барамыз, автобусқа тиеліп, соның алдында жатамыз күзетіп. Бізге айлық төлесін, 42 500 не болады бізге", - дейді тағы бір жұмысшы Арман Жанақұлов. 

Шошқа өсірумен айналысып келген жұмысшылар бұған дейін облыс әкімі Оңдасын Оразалиннен көмек сұрап бірнеше рет хат жазыпты. Бірақ әкімдіктен еш жауап келмеген. Бүгін түстен кейін олар билік өкілдерінен жауап алу үшін Ақтөбеге келді.

"Мекеменің экологиялық және ветеринарлық талаптарға қатысты ескертулерден нәтиже шығаруы үшін уақыт жеткілікті болды. Бірақ талап орындалған жоқ. Экология департаментінің қаулысы бойынша қожалық жұмысы заңды түрде тоқтатылды", - дейді Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Қалауов. 

Шошқа фермасының кәріз су құбырлары бұғатталған үш күн ішінде жүзге жуық доңыз өлген. Егер оны ашпаса бір аптада 42 мың шошқа қырылып қалады дейді ферма қожайындары.

"Сот орындаушыларының дәл қазіргі әрекеті экологиялық апатқа апаратын іс. Кәріз жабылса ауа жетпей шошқалар қырылады. 42 мың бас шошқаны өртеп, көзін жою да оңайға түспейді. Аммиактің жоғарғы мөлшері адам ағзасына өте зиян. Қоршаған ортаға да, адамға да қыруар залал келейін деп тұр", - дейді "Парижская коммуна 21" ЖШС құрылтайшысы Гайк Терятерян. 

Ферма бірнеше жыл бойы шошқаның қалдықтарын ауылға көміп, жақын маңдағы өзенге ағызып келген. Ал қаңтар айынан бастап үй қамақта отырған қожалық иесі Гайк Тертерян экологтар салған 7 млрд теңге айыппұлмен келіспейді. Ол қожалық жабылса "ҚазАгроҚаржы" компаниясынан алынған миллиардтаған қаражатты қайтара алмайтынын айтты.




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 12:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31