Ел жаңалықтары

Ақтөбе облысындағы тоған жағасынан 4 тонна өлі балық жиналды

  • Ақтөбе облысындағы тоған жағасынан 4 тонна өлі балық жиналды

    Ақтөбе облысындағы тоған жағасынан 4 тонна өлі балық жиналды

Ақтөбе облысындағы Кузьмин тоғанындағы балықтардың қырылуына байланысты экологтар суды лабораториялық зерттеу жүргізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экология министрлігінің мәліметінше, 4 тонна өлі мөңке балықтары жиналды және жойылды.

 
Балықтардың жаппай қырылуы 12 сәуірде тіркелген. Хабарлама ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің "Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы" инспекциясына келіп түскен.

Сол күні инспекция мамандары ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының және Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп осы су айдынына тексеру жүргізді.

"Зертханалық зерттеулер жүргізу үшін су мен балықтан сынама алынды. Қазіргі болжам бойынша балықтардың қырылуына су деңгейінің жеткіліксіздігінен (1,0-1,5 м) қыста суда оттегінің болмауы себеп болуы мүмкін", - делінген экология министрлігінің хабарламасында.

Балықтардың өлімінің нақты себебі туралы тиісті зертханалық зерттеулер жүргізілгеннен кейін қосымша хабарланады.

Айта кетейік, Кузьмин тоғаны Қобда ауданының Жарсай ауылдық округінде орналасқан. Тоғанның ауданы 3 гектар. Ол балық шаруашылығы су айдындарының тізіміне енбеген. Тоған мал суару үшін салынған. Су қоймасының жанында өндірістік объекті жоқ.




Көрілген: 264    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 00:35

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31