Ақтөбе облысының тұрғынына найзағай түсті

24 шілде 2022, 23:19

Төтенше оқиға жексенбі күні таңертең Ембіде Әйтеке би көшесінде болған. Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында адамға найзағай түсті.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төтенше оқиға жексенбі күні таңертең Ембіде Әйтеке би көшесінде болған.
 
"1981 жылы туған тұрғын Ембі аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жағдайы тұрақты", - деп хабарлады ведомствода.