Ақтөбе тұрғыны жалған банк қызметкеріне алданып, 22 миллион теңгесінен айырылды

02 маусым 2022, 12:56

Ақтөбе тұрғыны жалған банк қызметкеріне алданып, 22 миллион теңгесінен айырылып қалған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, 30 мамырда тұрғынға банк қызметкері болып танысқан ер адам қоңырау шалған. Алаяқ мұндай операция банк жүйесінде қалыпты екенін айтып, шотты қауіпсіздендіру үшін телефонға келген SMS-кодты айтуын сұраған. Кодты алғаннан кейін алаяқ бүкіл ақшаны жәбірленушінің картасынан басқа банк шотына аударып алған. Жалпы шығын 22 миллион теңгеден асқан.

"Қазіргі уақытта факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша ("Алаяқтық") соталды тергеу басталды. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында іс-шаралар жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.