Ел жаңалықтары

Ақтөбеде 90 жастан асқан тыл ардагері өлместің күйін кешіп жүр (фото)

  • Ақтөбеде 90 жастан асқан тыл ардагері өлместің күйін кешіп жүр (фото)

    Ақтөбеде 90 жастан асқан тыл ардагері өлместің күйін кешіп жүр (фото)


93 жастағы тыл ардагері Рахила Қанатбаеваның  тұрып жатқан жері адам шошырлық. Соғыс жылдары қиындықты көп көрген кейуана бейбіт заманның да рахатын көре алмай отыр. Үш ұлы қайтыс болған қария қазір кіші күйеу баласымен бірге мекеменің күзетшісі тұратын лашықты паналауға мәжбүр. Екі бөлмелі сарайда ауыз су жоқ. Бойы мұздап, аяқ киімін шешпейтін ардагерді қызы әлі күнге дейін пеш жағылып жылытып отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.



 


 

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте


"Әкімдіктен бірнеше рет көмек сұрадық. Олар шешемнің атында баспана бар екенін айтады. Ол - Шалқар қаласындағы  құлайын деп тұрған үй. Оның үрліктері түсіп, қабырғалары үгітіліп жатыр. 

Бұл кісінің көп өмірі қалған жоқ. Шамалы қалған өмірінде неге мына заманның жетістігін көріп кетпейді?! Әркімнің есігін қағып жүргенімізге бірнеше жыл болды. 


Шешеміз соғыс жылдарында еңбек еткен, оның үстіне өмір бойына үкіметке жұмыс жасаған адам. Мен шешемді бағуды салмақ көріп отырған жоқпын.

Тек біздің тұрып жатқан жеріміз әжеге қолайсыз. Жолдасым екеуміз жеке мекеменің күзетшісі болып жасаймыз.


Сол жердің сарайын паналап отырмыз. Мұнда газ жоқ, от жағамыз. Суды да тасып ішеміз» , -дейді ардагердің қызы Алмагүл Қанатбаева.

Қаршадайынан соғыс даласындағы өмірді көрген қария әлі де тың, ойы жүйелі. Сұрапыл замандағы қиын кездерді өз аузымен айтып берді.


«Небір қиын заманды көрдік. Әкеміз үлкен бай, ауқатты адам болған. Кейін репрессияға ұшырап, балалары жан-жаққа кетті.

Соғыс жылдарында бізді «байдың қыздары» деп ерте соғысқа жіберді. 15 жасымда пойызға мініп, немістер қиратып кеткен Астрахань қаласына бардық. Ол кезде аяғымызда аяқ киім деген жоқ. 


Қатты қағазды аяғымызға шөппен орап алып, Астрахань қаласындағы акоп қазу жұмыстарын жасадық, қираған үйлерден мүрделерді алып шықтық.

Арқамызға мәйітті салып келе жатқанымызда қатты қорқатын едік. Сол кездегі көріністер сөзбен айтуға келмейді.


Үнсіз түсінісіп, қабағымызды шытпай, нәр сызбастан еңбек еттік. «Соғыс тезірек бітсе екен» деп қана армандайтын едік» , -дейді Рахила Қанатбаева.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8; color: rgb(0, 159, 209);">Рассказать Вконтакте


Рахила Қанатбаева 1926 жылы Шалқар ауданының Талдықұм ауылында туған. Соғыс даласында бір жылдай болған.


«Госпитальда жаралыларды тасып, олардың жарақатын таңған дәкелерді тазалап, ыссы суға қайнатып ота жасайтындарға беріп отырамыз. Ол кезде бәрі қат болатын. Өлген сарбаздардың аяқ киімін киіп жүрген кездер болды. 1943 - 1944 жылдары Астрахань қаласында болдық. Сол кезде тексеріс болып, оқушы балалар деп бізді қайтарып жіберді» , -дейді тыл ардагері.

Тыл ардагері соғыс жылдарынан кейін шойын балқыту цехында еңбек еткен.


Қарт майдангер совет үкіметнен де, қазақ билігінен ештеңе алып көрмеген. Қазір күзетшінің лашығында пешке жылынып отыр.






Көрілген: 1304    Пікірлер: 0

сенбі, 04.05.2019, 17:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30