Ел жаңалықтары

Ақтөбеде COVID-19 жұқтырған жүкті әйел қайтыс болды

  • Ақтөбеде COVID-19 жұқтырған жүкті әйел қайтыс болды

    Ақтөбеде COVID-19 жұқтырған жүкті әйел қайтыс болды

Ақтөбе облысының провизорлық стационарларында пневмониядан мыңға жуық науқас емделіп жатыр, маусымның басынан бері осы аурудан 47 адам қайтыс болды

Ақтөбеде коронавирус инфекциясы арқылы асқынған пневмония салдарынан жүкті әйел көз жұмды. Бұл жайында Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев мәлімдеді.

Қалиев қайтыс болған науқас жайлы сұраққа жауап бере келе, жүкті әйелдің өліміне не себеп болғанын айтты.

"Коронавирус инфекциясы аясында екіжақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі дамыды, соның салдарынан көз жұмды. Науқас небәрі 30 жаста болды", - деп мәлімдеді Қалиев.

Қалиевтің айтуынша, 29 маусымдағы мәлімет бойынша, облыста провизорлық ауруханада 997 науқас бар, оның 27-сі жансақтау бөліміне жатқызылған, 10 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 807 ақтөбелік күндізгі стационарда емделіп жатыр. Айдың басынан бері аймақта пневмониядан 47 адам көз жұмды. 

"Басым бөлігі 60 және одан да үлкен жастағы адамдар. Оларда қант диабеті, артериялық гипертензия, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулары болды", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Қалиев өңірде медицина мамандарының тапшы екенін атап өтті. Пневмониямен ауыратын науқастарды емдеу үшін емханалардан, жеке клиникалардан мамандар тартылып жатыр. Сонымен қатар Батыс Қазақстан медицина университетінің басшылығымен бірге оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамын провизорлық ауруханаларға жіберу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар Ақтөбеде науқастар саны артып жатса, туберкулезге қарсы санаторийде провизорлық стационар ашылады, ол жерде 200 орын болады.

Coronavirus2020.kz сайтының дерегіне сәйкес, Ақтөбе облысында 828 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, 4 адам қайтыс болды.

sputniknews.kz




Көрілген: 152    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 20:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31