Ел жаңалықтары

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

  • Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

    Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

Ақтөбенің халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі 28 сәуір күні берілген еді. Бүгін ресми таныстырылып, батыр қыздың бюсті орнатылды. Жиында батырдың туыстары, оның өмірін зерттеп жүрген танымал қоғам қайраткерлері, өлкетанушылар болды.

«Әлия Молдағұлова – күллі қазақ елінің мақтанышы. Аты аңызға айналған жерлесіміздің өмірі мен ерлігі өскелең ұрпаққа лайықты үлгі. Үкімет қаулысымен Ақтөбе халықаралық әуежайына Кеңес Одағы батырының есімі берілді. Сіздерді облысымыздың өміріндегі қуанышты оқиғамен құттықтаймын», – деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Әуежай ғимаратында Әлия Молдағұлованың мүсіні қойылды. Биіктігі – 2,47 см. Мүсін авторы – ақтөбелік танымал мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

«Әлия апамыздың мүсінін бір айда жасап шықтық. Бұл мен үшін жауапты жұмыс болды. Кішкентай болса да, айбарлы, қайсар қазақ қызының мүсін әуежайға қою ұлттық рухымызды аттыратын қадам болды», – деді Жеңіс Жұбанқосов.

turkystan.kz




Көрілген: 664    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.05.2021, 22:26

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30