Ақтөбеде аулада жүрген 8 жасар баланы көлік қағып кетті

13 маусым 2022, 15:41

Ақтөбеде 8 жасар баланы аулада көлік қағып кетті. Жеткіншек ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“11 маусымда 12-шағын ауданның ауласында, 25-үйдің жағынан келе жатқан "Mazda-626" көлігінің 45 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен”, – Ақтөбе облысы ДП баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан 8 жасар бала балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.