Ел жаңалықтары

Ақтөбеде дүниеге келген америкалық қыз туыстарына іздеу жариялады

  • Ақтөбеде дүниеге келген америкалық қыз туыстарына іздеу жариялады

    Ақтөбеде дүниеге келген америкалық қыз туыстарына іздеу жариялады

Ақтөбе қаласының тумасы, бүгінде АҚШ азаматы Яна Герати биологиялық әке-шешесіне іздеу жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Яна Герати Facebook-тегі Қазақстан-Америка қауымдастығы парақшасында жазды.

 
"Атым - Яна және мен биологиялық әке-шешемді, отбасымның мүшелерін тапқым келеді. Бұл топ (Kazakh American Association) биологиялық ата-анамды табуға көмектеседі деп естіген едім. Мені Қазақстаннан асырап алған. 1992 жылдың мамырында Ақтөбеде дүниеге келгенмін. Мені 2001 жылы 10 жасымда америкалық ата-ана бауырына басты. Туған отбасымды табуға біреулер қолұшын беріп жатса, риза болар едім. Кез келген көмек - мен үшін өте маңызды", - деп жазды қыз.

Яна өзінде кейбір құжаттар бар екенін мәлімдеді. Алайда, нақты қандай ұйымнан көмек сұрау керек екенін білмейді. Сөзінше, бұған дейін оны алдап кеткен.

Айта кетерлігі, асырап алған ата-анасы қыздан жасөспірім кезінде бас тартқан. 

"Олармен араласпаймын, сондықтан ақпарат алу қиын. Өзімнің қайдан шыққанымды білгім келеді", - деді Яна Герати.

Қыз қолындағы бір мәліметтермен бөлісті.

"Мені асырап алғанға дейінгі Қазақстандағы аты-жөнім - Гранчевич (Granchevitch) Яна Манольевна. Анамның аты - Гранчевич Марина Павловна (1964 жылы 18 қыркүйекте дүниеге келген), әкемнің аты - Гранчевич Маноль Томович", - дейді Яна.

Яна Гератидің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Фредериксбургте (Вирджиния) тұратыны және АҚШ армиясында қызмет ететіндігі көрсетілген.




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 15:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31