Ақтөбеде жол апатынан екі адам көз жұмды

13 наурыз 2021, 17:58

«Самара-Шымкент» тас жолында жол-көлік оқиғасы болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 
Жол апаты салдарынан «Pontiac» автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Жыл басынан бері облыста 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Онда 12 адам мерт болып, 135 адам түрлі дене жарақатын алды.