Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды

31 шілде 2022, 15:28

Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тасжолында 6 адам жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Жол апаты 30 шілде күні сағат 23.30 -да Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңында болды.

«Хонда-Фит» көлігін басқарған 32 жастағы Қырғызстан азаматы жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Лада-Ларгус» маркалы көлікпен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада-Ларгус» көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы және «Хонда-Фит» көлігінде болған бір жолаушы қаза тапты.

Ал «Хонда-Фит» жүргізушісі мен аталған көлікте болған бір жолаушы түрлі жарақат алып, Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды.