Ел жаңалықтары

Ақтөбеде мұнай қалдықтарына арналған резервуар жанып жатыр

  • Ақтөбеде мұнай қалдықтарына арналған резервуар жанып жатыр

    Ақтөбеде мұнай қалдықтарына арналған резервуар жанып жатыр

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жаңажол ауылында мұнай қалдықтарына арналған резервуар өртеніп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

 
 
Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында өрт сөндірулер жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Келеңсіз жағдай "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ территориясында болды. Аумағы 3 мың текше метр болатын мұнай қалдықтарына арналған резервуар өртенді. Барлығы 8 техника мен 35 адам жұмылдырылды. Ақтөбе қаласынан тағы 5 техника мен 25 қызметкер жіберілді. Зардап шеккен адам жоқ", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбеде сырғанаққа барған бала жүк көлігінің астына түсіп, көз жұмды.

"Ақтөбе облысының Темір ауданында жол-көлік оқиғасы болды. Бас жасар бала шамамен сағат 11:00-де үйінің жанында төбеден төмен қарай сырғанап жүрген. Ол аңдаусызда көшеде өтіп бара жатқан "КамАЗ" автокөлігінің, яғни, ассенизатордың доңғалағының астына түсіп кетті", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 




Көрілген: 203    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.01.2020, 22:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29