Ел жаңалықтары

Ақтөбеде тележүргізуші Айзат Әбдісамат жаншылып көз жұмған лифт сол күйі ашық-шашық жатыр

  • Ақтөбеде тележүргізуші Айзат Әбдісамат жаншылып көз жұмған лифт сол күйі ашық-шашық жатыр

    Ақтөбеде тележүргізуші Айзат Әбдісамат жаншылып көз жұмған лифт сол күйі ашық-шашық жатыр



Ақтөбеде көз жұмған тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың көршілері содан бері бір жыл өтсе де, жауапты мекемелердің еш қимылсыз отырғанын айтып дабыл қағуда.


Ақтөбеде тележүргізуші Айзат Әбдісамат жаншылып көз жұмған лифт сол күйі ашық-шашық жатырҚайғылы жағдай Ақтөбенің билігіне сабақ болды ма? Тозығы жеткен лифттер қашан жаңартылады?  Бұл туралы Евразия арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.


28 жастағы тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың лифтіде жаншылып қаза тапқанына тура бір жыл болды. Кейін тергеу барысында ол отырған  жеделсатының ақауы бола тұра механик іске қосқандығы анықталды. Сәуірде тоқтатылған техника сол күйі тұр. Абайсызда адам түсіп кетпесін деп тақтайлармен қоршапты. Ал лифтінің тұрып қалғаны қарияларға оңай соқпай тұр.


"Мына этаждан түсу оңай емес, 9-қабат түгілі екінші этаждың өзінен шаққа түсеміз. Бірінші этажға мынадай темір құрып бер деп айтқанымызға әлдеқашан болды, ұстап түсуге. Оны да ешкім елемейді! Кім бар екенін, бастығы кім екенін? Ақша жинап алғанда жақсы!", - дейді тұрғын.


Лифтінің азабын тартып отырған жалғыз 19-үйдегілер емес, көрші подъездегілер де көресіні көріп отырмыз деп шу ете қалды. Екі үйдің қызмет көрсететін пәтер иелері кооперативі ортақ екен. Тоғыз қабатты үйдің техникасы да "бір күн ауру, бір күн сау" . Жұмыс істеп тұр деген аты ғана, әйтпесе екі аптада бір рет "құрсауда қалу біз үшін үйреншікті жағдай" болып кетті дейді тұрғындар.


"Лифтіміз үнемі бұзылады. Ішінде балалар қалып қояды, шақырғанда уақытында келмейді лифтер. Бір сағат тұрады жылап. Осында тұрып жатқаныма он жылға таяп қалды, үнемі солай", - дейді тұрғын.


Қалалық әкімдіктегілер жұртшылықты сабырға шақырды. Өтініш түсті, қабылдап алдық деп отыр. Қазір мердігер компания жабдықтардың жеткізілуін күтіп отыр екен. 


"Осы үйдің лифтісі Белорусиядан жабдықтарын күтуде, яғни осы аптаның аяғында келіп, келесі аптада жұмыс басталуы ықтимал. 125 млн қаражат бөлінді лифт ауыстыруға. Оған шамамен 20-18 лифт ауыстыру көзделіп отыр", - деді қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы Асхан Дошкенов.


Айзат Әбдісаматтың оқыстан қаза болуы барлық жауапты мекемелерді аяғынан тік тұрғызған еді. Дереу жұмыс топтары құрылып, көпқабатты үйлердің лифтілеріне рейд жүргізілді. Қаладағы 829 лифт түгел тексерілді. 


Былтырғы қайғылы оқиғадан кейін әкімдіктегілер көпқабатты үйлердің жеделсатыларын жөндеуді бастап кетті. Біз қазір солардың бірінде тұрмыз. Жалпы, Ақтөбеде тозығы жетіп тұрған осындай 200 лифт бар. Олардың әрқайсысының құны  7 млн теңге. Әрі ол соманы тұрғындар жылдар бойы өз қалтасынан төлеуі қажет. 


Әкімдіктегілер лифтіні жаңалауға жұмсалған қаражатты тұрғындар пайыссыз қайтаруы тиіс деп отыр. Ол үшін 5-7 жыл аралығында уақыт беріледі. Орташа есеппен ай сайын әр пәтер 2000 теңгеден төлеуі тиіс екен.


 



 

 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.05.2019, 10:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31