Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ақтөбедегі қаңғыбас иттердің баланы талап тастауы: Адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

13 маусым 2022, 19:26

Ақтөбеде иттер талап тастады деген жасөспірімнің өзіліне қатысты “Адам өлтіру” бабы бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтөбедегі Есет батыр ауданындағы №3 ықшамаудандағы салынып жатқан нысандардың бірінің аумағынан 12 жастағы жасөспірімнің денесі табылды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.

"Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл терминнің өзі сізге бірдеңені айтып тұрған шығар. Қазір баланың өлімінің неден болғаны, оның осы оқиғаға тап болуына ықпал еткен түрлі нұсқалар әзірленуде. Аумаққа бөтен адам кіре алмайды, ит баланы қоршаудан сүйреп өте алатын ба еді деген сияқты әртүрлі нұсқалар қарастырылып жатыр. Көптеген факторлар анықталды. Бұл іспен тергеу айналысып жатыр. Тергеудің жұмысына араласқым келмейді”, - деді Оразалин.


Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қаңғыбас иттердің шабуылынан көз жұмған баланың өліміне өзін кінәлі сезінетінін айтты
"Бәрі өлтірілгенін қалаймын": Ақтөбеде бала өлімінен кейін шұғыл түрде қаңғыбас иттерді аулау қолға алынбақ

Сонымен қатар, әкім жануарларды аулау мәселесімен айналысқан мемлекеттік қызметкерлердің кінәсінің дәрежесі қылмыстық іс аясында қаралатынын айтты. 

Қаңғыбас жануарларды аулап, зарарсыздандыруға Ақтөбе облысының бюджетінен 42 миллион теңге бөлінді. Алайда әкімдік бұл қаражатты қазір игере алмайды - жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңның жаңа ережелері шілде айынан бастап күшіне енеді. 

"Ереже бойынша жұмыс жасалмағаны анық. Бұл біздің кемшілігіміз. Егер біз өткен жылы 17,5 мың қаңғыбас иттерді жойсақ, бұл мәселе біржақты болар еді. Енді жаңа заңның енгізілуіне байланысты бұл жұмыс тоқтатылды. Тағы да айтамын, мен өзімнің кінәмді жоққа шығармаймын, бұл фактор бойынша жұмыстың жаңа принциптеріне сай жұмыс жасаған жоқпыз. Жануарларды ұстау, зарарсыздандыру және чиптеу толық жүргізілмеді", - деп түсіндірді облыс әкімі.

Еске салсақ, Ақтөбеде итке таланған 12 жастағы баланың денесі табылды. Ұл баланың мәйітін қаладағы Есет батыр тұрғын үй алабынан полицейлер анықтаған.