Ел жаңалықтары

Ақтөбеліктер коронавирустың жаңа штамына байланысты қашықтан оқуды сұрап жатыр

  • Ақтөбеліктер коронавирустың жаңа штамына байланысты қашықтан оқуды сұрап жатыр

    Ақтөбеліктер коронавирустың жаңа штамына байланысты қашықтан оқуды сұрап жатыр

Ақтөбе тұрғындары барлық студент пен оқушыны қашықтан оқуға көшіруді сұрайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Актобе Таймс" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы аумағына "ұлыбританиялық" штамм келгені және өңірде коронавирус жұқтыру дерегі көбейгені туралы хабар шыққаннан кейін, тұрғындар санитария дәрігеріне өтініш жіберген.

Тұрғындардың айтуынша, оқушылар бір партада екі адамнан отырады. 

"Неге аудандардағы балалар онлайн оқымайды? Онда оқушылар көп, ешкім арақашықтықты сақтамайды. Кішкентай балаларға қалай немқұрайды қарауға болады?", - деді онлайн-брифинг кезінде ата-ана.
Ақтөбе облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева Қазақстанның бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес 300-ге жуық оқушысы бар мектептер дәстүрлі форматта білім алуына болады, деп жауап берді.

"Қандай мектепте, қай ауданда санитария талаптары орындалмайтынын нақтылаңыз. Ол жерге өз мамандарымызды жібереміз. Онлайн оқыту немесе мектептен оқыту болсын, барлық жерде санитария талаптары күшейтілуі тиіс", - деді Беркімбаева.
Департамент басшысы 31 наурыздағы қаулыны орындау қажеттігін еске салды. Оған сәйкес ұйымдарда жұмыс істейтіндердің 80 пайызын онлайн-режимге жіберу ұсынылады.

"Өңірде блокбекет орнатудың қажеті жоқ", - деп қосты Беркімбаева.
Айта кетейік, соңғы тәулікте Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған 202 жағдай тіркелді, өңірде барлығы 6604 дерек тіркелген.




Көрілген: 419    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 10:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31