Ақылы жолдардың бағасы өсе ме? Министрлік жауап берді

17 мамыр 2022, 16:20

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ақылы жолдарға қатысты түсініктеме беріп, бағаның көтерілмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жолдарды күтіп ұстау, салу және қайта жаңарту – өте күрделі жұмыс. Біз салған нәрсені күтіп ұстауымыз керек. Сондықтан жолдар ақылы болып жатыр. Ақша соған жұмсалады", - деді Қайырбек Өскенбаев

Министрдің айтуынша, сапасы нашар жолдарға алым енгізілмейді.

"Стандартқа сай келмейтін жолдарға ешкім ақша талап етпейді. Ең қызығы, жүк көлігі жүргізушілері осы жолдармен жүреді. Бірнеше жыл бұрын бағаны көтеру мәселесі сөз болғанымен, жолдардың сапасы талапқа сай келмейтіндіктен, мәселе алынып тасталды. Ал жолдың бағасын көтеру жайы айтылып жатқан жоқ", - деп қосты министр.