Ел жаңалықтары

«Ақындар маған бір көлік мінгізген жоқ» - Жүрсін Ерман

  • «Ақындар маған бір көлік мінгізген жоқ» - Жүрсін Ерман

    «Ақындар маған бір көлік мінгізген жоқ» - Жүрсін Ерман

Көбіне көрермен сахнадағы ақындардың жеңістер мен жеңілістерін ғана көреді. Әсілінде оны ұйымдастырып, көрерменнің  алдына шыққанға дейінгі кезең ең ауыр жұмыс. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман сұхбатында айтыс ұйымдастырудың қиындығы мен қызықтары туралы айтты.
Бұл туралы “Ең алғашқы” бағдарламасында айтылды.

Демеушілер мен жүлделер мәселесі, айтыстың көгілдір экранға шығуы, ақындардың жол шығыны деген сияқты қаражатқа келіп тірелетін шаруаның барлығы да осы Жүрсін Ерманның жеке мәселесі болып келген.

"1984 жылы айтыс "Бәйге" деп аталатын. Мен оны "Айтыс" деп өзгерттім.  Наурыз айында өткен ол айтысты менің ұстазым Сұлтан Оразалин жүргізді. Теледидардағы республикалық айтыс алғаш рет осылай басталған болатын. Арасында ұзақ жылдарға үзіліп қалып жатты. 1997 жылы сол кездегі "Хабар" арнасының директоры Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға  бардым. Айтыс үзіліп қалды, қайта бастауға көмек беріңіз дедім. Ол кісі бірден қолдап, эфир мәселесін шешіп берді. Сол жылдың қазан айында айтысқа демеуші іздеуге кірістім. Алматы қаласының байлары тіркелген бір кітапша қолыма түсіп, көрінген байдың есігін қағып, аралауға тура келді. Ешкім ештеңе бермеді. Байлардан түңіліп қайттық. Осындай қиын замандар өтті", – деді Жүрсін Ерман.

Төл өнеріміздің тоқтап қалмай дамуын, теледидардан үзілмей көрсетілуінің қамын кешіп жүрген ақынның  айтыскерлерге деген қамқорлығын да "Жүрсіннің жүйріктері" ұмытпайды.

 "Жүрсін ағаның алдында біз, ақындар, қарыздармыз. Ақындардың мүмкіндігі болып жатса, ағамыздың көзі тірісінде бәріміз жабылып бір темір тұлпарды Жүрсін ағаның астына мінгізетін де уақытымыз келген сияқты. Әрбір ақынның жағдайын жасап отырған ағаға айтыскер ақынның бәрі де біртүрлі қарыз секілді көрінеді маған!", – деді айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков.

Айтыс тарихында ақындарға осыған дейін 300-ден аса көлік таратылған екен. Демеушілер табылмай, жүлдеге тігер түк болмаған күндері Жүрсін ағамыздың өз көлігін еш ойланбастан айтыскерлерге табыстап жібергеніне де куә болғанбыз.

"Ақындар маған осы күнге дейін бір темір тұлпар мінгізбегенімен, жанашыр достарымның арқасында ешқашан көліктен таршылық көрмедім. Ақындарды дұрыс түсініңіздер олар өздері "биттерін сығып, қанын жалап жүрген" кедей халық", – деп ақын ағынан ақтарылды.  




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 16:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31