Ел жаңалықтары

«Ақырзаман деп ойлап қалдық»: ақтаулықтар алып бұлтты көріп таңқалды (ВИДЕО)

  • «Ақырзаман деп ойлап қалдық»: ақтаулықтар алып бұлтты көріп таңқалды (ВИДЕО)

    «Ақырзаман деп ойлап қалдық»: ақтаулықтар алып бұлтты көріп таңқалды (ВИДЕО)

 Ақтау тұрғындары аспанда пайда болған аса ерекше табиғи құбылысты видеоға түсіріп алды. Қаланы көшкінге ұқсайтын алып бұлт басып, жергілікті халық тосын жайтқа таңданған Кейбірі бұл көрініске тамсанса, енді бірі керісінше, одан шошынған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 Ақтаулықтар 23 мамыр күні аспандағы ерекше табиғи құбылысқа куә болған. Олардың сөзінше, күні бойы жарқырап тұрған ауа райы аяқастынан бұзылып, қала аспанын алып бұлттар басқан. Желі қолданушылары ерекше көрініске тамсанып, одан алған әсерлерімен бөлісті. Тағы кейбірі алып бұлттар бойларына қорқыныш сезімін ұялатқанын айтып жатты. 

"Нағыз фантастикалық фильмдегідей көрініс болды. Өте әдемі, табиғат неткен шебер еді!?", "Біз бұл сәтте өзен жақта жүр едік. Бір жағынан әдемі, бір жағынан аса қорқынышты құбылыс", "Бір мезетте күн жоқ болып, бұлт басты. Қатты қорқып кеттік", "Қорқынышты фильмердегідей әсер қалдырды. Ақырзаман деп ойлап қалдық", "Балаларыммен көшеге шыққанмын. Бір уақытта ауа-райы бұзылып, қорқынышты бұлттар пайда болды", "Күтпеген құбылыс болды", "Бұл естен кетпес табиғат құбылысы болғаны анық" , - деп жазды көпшілік. 

 

 

 




Көрілген: 2769    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.05.2020, 18:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31