Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алаяқ Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беремін деп алматылықтарды 2 млн теңгеге алдап кетті

29 шілде 2022, 15:04

Алматылық ер адам Оңтүстік Кореядан жұмыс тауып беремін деп жергілікті тұрғындарды 2 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
1995 жылы туған азамат Ц. екі және одан көп адамның сеніміне кіріп, өзгенің мүлкін алдау жолымен иеленгені үшін айыпталуда. 

"Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде 2 алдап-арбау фактісі тіркелді. Олар бір өндіріске біріктірілді. Күдікті адамдарды ғаламтор арқылы алдаған. Ол Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын рәсімдеу және жұмыс тауып беруге көмектесу туралы жалған хабарламалар жариялаған. Ақшаны алғаннан кейін, ізін суытып отырған. 

Жедел іздестіру шаралары барысында қылмыс жасады деген күдікпен азамат Ц. ұсталды. Ол қамауға алынды", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының басшысы Дархан Мусанов. 


"Қазпошта" қызметкерлері қазақстандықтардың есепшотынан 294 миллион теңге ұрлаған
​​​​​​​Павлодарда ер адам бойжеткенді үйленемін деп алдап, атына несие алғызып, қарызға батырған

Тергеу қажеттілігін ескере отырып, полицейлер азамат Ц.-дан зардап шеккендерді мына телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: +7-778-879-78-88; +7-702-401-11-10.