Синоптиктер Қазақстанда 27-29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Болжам бойынша қатты аяз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында -18…-23°С, кей жерлерде -26°С дейін күн суытады.
“Батыста, сондай-ақ 28-29 қаңтарда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын, таулы аймақтарда қатты жаңбыр мен қар күтіледі”, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
26 қаңтарда Қазақстанда бұрқасын, тұман күтіледі.