Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алдағы күндері алты облыста аптап ыстық күтіледі

31 шілде 2021, 23:44

Еліміздің бірнеше аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Хабар 24.

 

Күндіз 1-5 тамызда Ақтөбе облысында кей жерлерде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

1 тамызда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында 36 градус қатты ыстық күтіледі.

 

Көкшетау қ.: күндіз 1 тамызда найзағай күтіледі.

 

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

 

Қостанай қ.: күндіз 1 тамызда найзағай күтіледі.

 

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

 

Орал қ.: күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

 

Маңғыстау облысында кей жерлерде 41 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

 

Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

 

Петропавл қ: күндіз 01 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Алматы облысында күндіз 1-2 тамыз тәулік бойы кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Кей жердерде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыс желі, кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с.