Алдағы күндері жаңбыр жауып, жел күшейеді

04 наурыз 2022, 13:30

"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 2022 жылдың 5-7 наурызына арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері жауын-шашын мол болады деп күтілуде.

Демалыс күндері циклон Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғалдың үлкен қорын әкеледі. Осыған байланысты негізінен жаңбыр түрінде — 5 наурызда батыста және оңтүстік жартыда, 6 наурызда елдің солтүстік жартысы мен орталығында, қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік бөлігінде бұрқасын болады деп болжануда.