Алдағы күндері күн күрт салқындайды

19 шілде 2023, 18:31

Синоптиктер 20-22 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді.

 

Соның нәтижесінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және таулы аймақтарда жаңбыр жауады.

 

Еліміздің батысында солтүстік-батыс антициклон әсерімен 21 шілдеден бастап жауын-шашын тоқтайды.

 

Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін төмендейді.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz