Алдағы күндері республиканың солтүстігінде қар жауады - Қазгидромет

19 қазан 2020, 12:53

20-21 қазан аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз және жылы болады. Бірақ, кезекті солтүстік-батыс циклонының келуімен жауын-шашын болады күтіледі. Республиканың солтүстігінде жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.