Алдағы үш күнде ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

15 сәуір 2022, 15:51

16-18 сәуір аралығында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың батыс бөлігіне ғана солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді, соның салдарынан жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша жел күшейеді. Еліміздің батысында ауа температурасы күндіз 12-20-дан 15-25-ке дейін көтеріледі, солтүстік-батыста түнде 0-12 жылудан 0-5 аязға дейін төмендейді. Солтүстікте түнде 5-12 градустан 0-5 градусқа дейін төмендеп, оңтүстік-шығыста 5 градус жылы болады. Республиканың орталығында 2-7-ге дейін шамалы көтеріліп, еліміздің шығысында түнде 2 градус аяздан 0-8 жылыға дейін көтеріледі. Күндіз температураның негізгі фоны 15 градус жылы болады. Оңтүстікте күндіз 23-32 жылы болады. Оңтүстік-шығыста күндіз 22-30-дан аздап көтеріледі. Таулы аудандарда 18 жылыдан 25-32 жылыға дейінгі аралықта, таулы аудандарда 20 градус жылы болады.
ҚазАқпарат.