Ел жаңалықтары

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

    Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК 24-26 қыркүйек күндеріндегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды sputnik.


Синоптиктердің болжамынша, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында ыстықтың беті қайтып, суық ағымдардың әсерінен қыркүйекке тән ауа райына ауысады. Демалыс күндері бұл облыстарда күндіз ауа температурасы +33…+39°С дейін көтерілген еді.


"Арктикалық суық ағымдардың өтуімен республиканың орталығы мен шығысында жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, түнде -3°С дейін үсік жүреді",- деп хабарлайды Қазгидромет.


Ал батыс және солтүстік облыстарда жауын жауады, ауа температурасы төмендейді. Алдағы үш тәулікте мұнда жауын-шашын сақталады, ал түнде және күндіз тұман түсіп, үсік жүреді деп болжануда.


Мегаполистердегі ауа райы


Нұр-Сұлтан


24 қыркүйекте күн ашық, күндіз ауа температурасы +12°C, түнде +13°C жылы болады.

25 қыркүйекте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз сынап бағанасы +14°C, түнде +4°C көрсетеді.

26 қыркүйекте күн бұлтты, күндіз ауа температурасы +11°C, түнде +4°C.


Алматы


24 қыркүйекте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +22°C, түнде +15°C жылы.

25 қыркүйекте күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Күндіз сынап бағанасы +26°C, түнде +16°C көрсетеді.

26 қыркүйекте күн бұлтты, ауа температурасы күндіз +26°C, түнде +20°C шамасында.


Шымкент


24 қыркүйекте күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауады. Сынап бағанасы күндіз +24°C, түнде +13°C көрсетеді.

25 қыркүйекте күн ашық, жауын-шашынсыз. Күндіз +28°C ыстық болса, түнде +15°C.

26 қыркүйекте де күн ашық, ауа температурасы күндіз +28°C дейін көтеріледі, түнде +18°C жылы болады.


 


 




Көрілген: 678    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.09.2019, 17:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31