Ел жаңалықтары

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • https://gu-gu.kz/

    https://gu-gu.kz/

Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болып, тұман түседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Қазгидрометтің ақпаратынша, демалыс күндері Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік-шығыс бағытта атмосфералық ауа ағымдары ығысады. Соның әсерінен көптеген облыста ауа райы жауын-шашынды болады. Қар және жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.


"Атлантикалық жылы ауа массалары батыс бағыттан біртіндеп солтүстік-батысқа ауысады. Соған байланысты арктикалық теңіздерден суық ауа массалары ығысып, республикада күн тағы да суытады", - деп ескертті синоптиктер.


Ірі қалалардағы ауа райы


Нұр-Сұлтан


9 қарашада күн бұлтты, таңертең жаңбыр, ал кешке қар жауады. Сынап бағанасы түнде +2 ℃, күндіз +1℃ көрсетеді.

10 қарашада күн ашық, таңертең аздаған қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы – түнде -4℃, күндіз -10℃.

11 қарашада күн бұлтты, түнде -17℃, күндіз -12℃ суық болады.


Алматы


9 қарашада күн ашық, күндіз +11℃, түнде +3℃ жылы.

10 қарашада күн ала бұлтты, күндіз сынап бағанасы +11℃, түнде +8℃ көрсетеді.

11 қарашада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Түнде +5℃, күндіз +3℃.


Шымкент


9 қарашада күн ашық, күндіз +13℃, түнде +4℃ жылы.

10 қарашада да ауа райы жауын-шашынсыз. Сынап бағанасы күндіз +10℃, түнде +3℃ көрсетеді.

11 қарашада күн ашық, ауа температурасы +11℃, түнде +2℃ жылы болады.


 




Көрілген: 457    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 15:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30