Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

11 қараша 2019, 17:23

"Қазгидромет" РМК алдағы үш күндегі ауа райына болжам жариялады.

Қазгидромет ақпаратынша, суық әрі күшті антициклоннан Қазақстанда ауа райы жауын-шашынды болып, күн суытты. Алайда оның әсері тек алдағы тәуліктерде ғана сақталмақ.

"Антициклон артынан Ресейдің еуропалық бөлігінен атмосфералық ауа ағымдары ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын, көктайғақ, тұман болады деп болжанып отыр. Ауа температурасы көтеріледі", - делінген хабарламада.
Бірақ, бұл да ұзаққа созылмайды деп ескертті синоптиктер. Скандинавианың солтүстігінен Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарына кезекті суық антициклон жылжиды.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан

12 қарашада күн ашық, күндіз 0°C, түнде -8 °C суық.
13 қарашада да ауа райы жауын-шашынсыз, күн ашық. Күндіз -1°C, түнде -5°C.
14 қарашада күн бұлтты, аздаған қар жауады. Күндіз -1°C, түнде -8°C.

Алматы

12 қарашада күн ашық, сынап бағанасы күндіз +6°C, түнде +1°C көрсетеді.
13 қарашада да күн ашық, күндіз +9°C, түнде +3°C.
14 қарашада күн ала бұлтты, күндіз +11°C, түнде +1°C.

Шымкент

12 қарашада ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз +14°C, түнде +2°C.
13 қарашада да күн ашық, түнде +2°C, күндіз +14°C жылы.
14 қарашада күн бұлтты, күндіз +13°C, түнде +2°C болады.

Дабылды ескерту

Синоптиктер 12 қарашада республиканың үш өңірінде дабылды ескерту жариялады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында да – тұман, күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Петропавл қаласында тұман, күндіз көктайғақ және қатты жел болжанып отыр.

sputnik