Ел жаңалықтары

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • © agroinfo.com

    © agroinfo.com

Қазгидромет мамандары 4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

 

Қазақстанға жылжып келе жатқан оңтүстік циклон мен атмосфералық фронт салдарынан республиканың көптеген облысында ауа райы жауын-шашынды болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, бұрқасындатып, көктайғақ болады.

 

"Жылы ауа массалары ауа температурасының оңтүстік пен батыста айтарлықтай жоғарылауын тудырды, ал алдағы тәуліктерде температура Қазақстанның қалған аймақтарында да көтеріле бастайды. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндізгі температура минус 5…плюс 5°С дейін, оңтүстік және батыста плюс 3…8°С, қиыр оңтүстікте плюс 15°С дейін болжанып отыр. Бұл орташа көпжылдық мәннен 5…14°С-қа жоғары", - делінген мәліметте.

 

Ірі қалалардағы ауа райы

 

Нұр-Сұлтан

 

4-ші ақпанда түнде минус 8, күндіз минус 3 градус. Аздап қар жауады.

5-ші ақпанда түнде минус 4, күндіз плюс 1 градус. Бұл күні де аздап қар жауады.

6-шы ақпанда түнде минус 7, күндіз 0 градус. Аздап қар жауады.

 

Алматы

 

4-ші ақпанда түнде 0, күндіз плюс 2 градус. Қар аралас жаңбыр жауады.

5-ші ақпанда түнде минус 2, күндіз плюс 3 градус. Күн ашық болады.

6-шы ақпанда түнде плюс 2, күндіз плюс 6 градус. Күн ашық.

 

Шымкент

 

4-ші ақпанда түнде плюс 1, күндіз плюс 8 градус. Аздап жаңбыр жауады.

5-ші ақпанда түнде минус 1, күндіз плюс 14 градус. Күн ашық болады.

6-шы ақпанда түнде плюс 2, күндіз плюс 11 градус. Күн ашық.

 

sputnik

 




Көрілген: 159    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.02.2020, 17:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30