«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 3-5 қараша аралығында солтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы шығыс Еуропа аймағынан келетін антициклонның ықпалында болады.
 
Соның әсерінен негізінен күн ашық болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
 
Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады.
 
Алғашқы күндері елдің солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады.
 
Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде жел күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.