Ел жаңалықтары

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Синоптиктер 6-8 наурыз аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Мамандардың болжамына сәйкес, жақын күндері ауа массасы бірде жылы, бірде салқын болып құбылады. Сол себепті ауа температурасы мен атмосфералық қысым қатты ауытқиды. Кей жерде қар мен жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ болады. Боран соғып, жел күшейеді.

 

Мегаполистегі ауа райы

 

Нұр-Сұлтанда 6 наурызда күндіз ауа температурасы -2...-4 градус болады, түнде -8-10 градус. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с-қа жетеді. 7 наурызда күндіз қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы -1...+1 градусты көрсетіп тұр. Түнде қар жауады, -5,-7 градус суық болады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. 8 наурызда қар жауады, күндіз ауа температурасы -3,-1 градус болады, түнде -9 градусқа жетеді.

 

Алматыда 6 наурызда күндіз қар жауады, ауа температурасы +7,+9 градус, түнде қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы -2...0 градусты көрсетіп тұр. 7 наурызда күндіз күн бұлтты болады, ауа температурасы +9+11 градус, түнде 0, +2 градус болады.Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. 8 наурызда күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз +8,+10 градус. Түнде +3,+5 градус болады.

 

Шымкентте 6 наурызда ауа температурасы 10+12 градус, 7 наурызда жаңбыр жауады, ауа температурасы +6+8 градус. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с. 8 наурызда түнде ауа температурасы +2°C, күндіз бұлтты, аздап жаңбыр жауады, ауа температурасы +10,+14 градусқа жетеді.

 

Наурызда ауа райы қандай болады

 

Қазгидромет ақпаратынша, бір ай бойы циклондар мен антициклондардың жиі ауысуына байланысты ауа температурасы күрт өзгеруі мүмкін.

 

Наурыздың басында белсенді циклондардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады: жауын-шашын, елдің оңтүстік-шығыс бөлігінде қатты жаууы мүмкін, жел күшейеді (солтүстік жартысында бұрқасынмен), тұман және көктайғақ болжанып отыр. Елдің оңтүстігінде жаңбыр, солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады.

 

"Бірінші және екінші онкүндікте кей күндері Скандинавия мен Сібір аудандарынан ығысатын суық ауа массаларының әсерінен түнгі уақытта сынап бағанасы солтүстік өңірлерде -13-25°С дейін, оңтүстік аймақтарда -5-15°С дейін төмендеуі мүмкін", - деп ескертті синоптиктер.

 

Айдың екінші жартысында солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде күндіз ауа температурасы кей күндері +3+10°С дейін, елдің оңтүстігі мен батысында +10+15°С дейін, үшінші онкүндікте +15+25°С дейін жоғарылайды.

 

Қазгидрометтің болжамынша, көктемнің алғашқы айында жауын-шашын нормадан көп түседі, елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында ғана норма шамасында болады.

 

 

 




Көрілген: 437    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 13:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30