Ел жаңалықтары

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Қазгидромет 15-17 сәуір аралығындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Синоптиктердің болжамынша, антициклонның Қазақстанға әсері аяқталып, ол Батыс Сібірге қарай ығысады. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындарынан ауа райы құбылмалы болады.

 

"Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі", - делінген хабарламада.

 

Дабылды ескерту

 

15 сәуірде Қызылорда облысында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Күндіз кей жерлерде бұршақ түседі деп болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Қызылорда қаласында таңертең және күндіз шаңды дауыл, найғазай болжануда. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

 

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

 

Түркістан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейеді.

 

Қостанай облысында кей жерлерді тұман басады.

 

Солтүстік Қазақстан облысында да – тұман.

 

Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады деп болжанып отыр.

 

14-16 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман, найзағай, қатты жел.

Таразда 15 сәуір күндіз найзағай ойнайды.

 

 

 




Көрілген: 607    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 17:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31