Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

23 желтоқсан 2022, 15:29

Синоптиктер 24-26 желтоқсанға арналған ауа райына болжам жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады.

 

Ал, Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарында қар жауады, боран соғады, жел күшейеді.

 

24 желтоқсанда күндіз республиканың солтүстігінде көктайғақ болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі.

 

Түнде батыста -3...-8°С-тан -8...-13°С-қа дейін аяз болады.

 

Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында -5...-13°С-тан -10...-25°С-қа дейін аяз күтіледі.

 

Шығыста -15...-23°С-тан -10...-18°С-қа дейін аяз болады.

 

Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста -5...-25°С-тан 0...-15°С-қа дейін ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.