Ел жаңалықтары

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

  • https://ptzgovorit.ru/

    https://ptzgovorit.ru/

Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, сондай-ақ ертең бірқатар облыста дабылды ескерту жарияланған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, Ресейдің арктикалық жағалауынан циклондар бірінен кейін бірі ығысып, атлантикалық жылы және ылғалды ауа алып келеді. Осы циклондармен байланысты атмосфералық ауа ағымдарының әсерінен қар жауып, бұрқасындатады, батыстан қатты жел соғады.

"Алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облысында күн бұлтты, ауа райы жауын-шашынды болады. Солтүстік облыстарда – бұрқасын, оңтүстікте – тұман және көктайғақ сақталады", - деп хабарлады Қазгидромет.
Десе де еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен жоғары, ал оңтүстікте нормаға жақын болады.

Дабылды ескерту

Синоптиктер 14 қаңтарда бірнеше өңірде дабылды ескерту де жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін барады.

Петропавлда бұрқасындатады, оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 25 м/с жел соғады.

Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында да қар жауып, бұрқасындатады. Түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с дейін барады.

Ақтөбе облысының кейбір аймағында – бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде де тұман, бұрқасын, күндіз қатты жел болжанып отыр.

Қызылорда облысында күндіз басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Сырдария өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

 

 




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 21:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31