Ел жаңалықтары

Әлеуметтік зерттеулер халықтың 74 пайызының Президент Тоқаевтың бастамаларына оң баға беретінін көрсеткен

  • Әлеуметтік зерттеулер халықтың 74 пайызының Президент Тоқаевтың бастамаларына оң баға беретінін көрсеткен

    Әлеуметтік зерттеулер халықтың 74 пайызының Президент Тоқаевтың бастамаларына оң баға беретінін көрсеткен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңашыл бастамаларына республика халқының басым бөлігінің көңілі толады. Бұл туралы Алматы қаласындағы Қазақстан баспасөз клубында өткен пресс-конференцияда белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы. 

Бүгін «Қазақ әлеуметтік академиясы» Қоғамдық қорының мұрындық болуымен «Қазақстан Республикасы тұрғындарының ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына көзқарасы» тақырыбында өткізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижелеріне байланысты арнайы баспасөз конференциясы өтті. 

Аталмыш қоғамдық қордың директоры Айгерім Сұлтанбекованың айтуынша, әлеуметтік сала мамандарының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы тұрғындарының ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларына көзқарасы» тақырыбына қатысты арнайы сауалнама өткізілген. 

«Сауалнама екі кезеңді қамтыды. Алғашқысы - қаңтар айында, екіншісі &ndash осы жылдың тамыз айында жүргізілді. Зерттеу бағдарламасы ретінде Мемлекет басшысының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру сапасын арттыру және жастарды қолдау, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен қауіпсіздігін қорғауды күшейту, сыбайлас жемқорлық қылмыстарының алдын алу және т.б. мәселелер жөніндегі бастамалары таңдалып алынды. Сауалнама нәтижесінде респонденттердің 74 пайызы Президенттің бұл бастамалары қазақстандықтардың өмірін жақсартады деп санайтынын жеткізген», - дейді «Қазақ Әлеуметтік Академиясы» қоғамдық қорының директоры Айгерім Сұлтанбекова.

Баспасөз мәслихатын өткізушілердің айтуынша, сауалнама республиканың 14 облысында және республикалық маңызы бар - Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жүргізілген.

Өңірлік бөліністе сауалнамаға қатысқан халықтың (респонденттердің) саны 18 және одан жоғары жастағы тиісті өңірдің халық санының санына барабар есептелген. Әлеуметтік сауалнама жеке сұхбат арқылы немесе мобильді және онлайн технологияларын (Google Forms) қолдану арқылы жүргізілді.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушыларға «Сіз өз болашағыңызды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен байланыстырасыз ба?» деген сұрақ қойылған. Бұл сауалға да қатысушылардың 72,4 пайызы «иә» деп жауап берген.

«Сауалнама нәтижелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша белгілеген бастамаларын еліміздің қазіргі ахуалда және болашақта дамуы үшін плацдарм ретінде айқындауға болатынын айғақтайды», - деп атап өтті аталмыш қордың өкілдері.

Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан тұрғындар медициналық қызмет сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жоғары оқу орындарында оқу құнын төмендету, зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру сияқты мәселелердің маңызды екенін атап өткен.

Сондай-ақ, тұрғын үйдің қолжетімділігі, тұтыну тауарларының бағасын төмендету, банк несиелерінің қолжетімділігі, жалақыны көтеру және жаңа жұмыс орындарын құру секілді жайттар назардан тыс қалмаған. 

Тағы бір айта кетерлігі, әлеуметтік сауалнама қорытындылары бойынша халықтың заң шығарушы органдардың, сот жүйесінің, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне көңілі толмайтындарын атап өткен. 




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.10.2020, 15:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 20:40
    Егін – 2020

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31