Ел жаңалықтары

Алғашқы кездесуде «ғашығының» 100 мың теңгелік бұйымдарын ұрлап кеткен

  • Алғашқы кездесуде «ғашығының» 100 мың теңгелік бұйымдарын ұрлап кеткен

    Алғашқы кездесуде «ғашығының» 100 мың теңгелік бұйымдарын ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын кездесуден кейін таныс адамы тонап кетті. Тергеу нәтижесінде 27 жасар жігіттің 28 жасар қызбен әлеуметтік желі арқылы танысқаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жұп бір ай бойы желіде сөйлескен. Нәтижесінде олар кездеуге шешім қабылдап, жігіт жаңа танысын қонақ үйге шақырады. Бірге отырып, тамақтанғаннан кейін қыз ұйықтар алдында алтын бұйымдарын шешіп қойған. Жігіт оны пайдаланып, 100 мың теңгеге бағаланған зергерлік бұйымдарды алып, сағат таңға төртке таман қонақ үйден шығып кеткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстаған, ол бұрын бірнеше рет сотталған болып шықты. Ер адам өз қылмысын мойындады, оның Нұр-Сұлтан аумағындағы ұқсас қылмыстарға қатысы бар немесе жоқ екені анықталуда.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті азаматтарды абай болуға шақырады, жақын таныс емес адамдарға сенбеуге және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.




Көрілген: 222    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 17:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31