Әли Ахмедов Головкиннің бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады

27 шілде 2022, 14:14

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) америкалық Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

 
Бұл айқас 17 қыркүйек Лас-Вегаста өтетін Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегінің кардына жоспарланып отыр.

Бұл кездесуде екінші орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша Солтүстік Америка чемпионы атағы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2013 жылы Габриэль Росадомен жұдырықтасып, нокаутпен жеңген болатын.