Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алқабилер құрамына есірткі шегетіндер ене жаздады

02 ақпан 2011, 11:11

Қарағанды облысындағы Осакаров ауданы әкімінің ап­па­раты алқабилерге кан­ди­дат­тар дайындаудың талап­та­рын өрескел бұзған. Алқабилер құ­рамына 25-ке толмағандар кіргізіліп, олардың нарко­логия­лық немесе психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрған-тұр­­мағаны тексерілмепті. Заң­ның бұзылғанын жергілікті про­ку­ра­ту­ра мамандары әшкереледі.
Тексеріс барысында аудан әкімі аппа­ра­­тында алқабилерге кандидаттардың 1800 адамнан тұратын бастапқы тізімі дайын­далғаны анықталған. ҚР «Алқабилер тура­лы» заңының 10-бөлігіне сәйкес, үміт­кер­лер­дің жасы 25-ке толған болуы керек, алайда жергілікті әкімдік бұл жасқа жет­пе­ген үш адамның құжатын қабыл­дап­ты. Сондай-ақ бірде-бір адамның нар­ко­ло­гиялық немесе пси­хо­нев­ро­ло­гия­лық диспансерде тіркеуде бар-жоғы тек­се­ріл­меген. Прокурорлар әкімдік маман­да­ры­ның немқұрайдылығын пайдаланып, ал­қа­би атанбақ болған екі адамның есірткі ше­­гетіндер қатарынан екенін айтып отыр. Осы заңсыздықтар үшін Осакаров ауданы әкімі аппараты бөлімінің бас маманы А.Жа­па­ров тәртіптік жауапкершілікке тар­тыл­ды.