Ел жаңалықтары

Алқаш күйеуінен көйлекшең қашқан әйел аязда үсіп өлді

  • Алқаш күйеуінен көйлекшең қашқан әйел аязда үсіп өлді

    Алқаш күйеуінен көйлекшең қашқан әйел аязда үсіп өлді

Аяусыз сабаған алқаш күйеуінен қашамын деп аяздан үсіп көз жұмды. Жұбайының жұдырығынан қорыққан келіншек қыстың қақаған суығында сыртқа көйлекшең шығып кеткен екен. Бұл туралы Matritca.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ащы судың әлегінен болған сұмдық жайттың жай-жапсарын марқұмның туысқандары айтып берді. Олар бауырларын өлтірген қаскөйдің бостандықта жүргеніне наразы.

Арағы бар үйдің берекесі қашады дейді. Рас. Отағасы мас болған сайын, бұл шаңырақ ұрыс-керістен көз ашпайтын. Үйдегі соңғы айқай да ащы судың әлегінен басталған.

"Жатқалы жатқанбыз. Мама киімін ауыстырып жатқалы жатқан ғой. Сол кезде маманың шыңғырып, айқайлаған дауысын естідім көмек сұраған. Мен барсам, маманы кәдімгідей шашынан жұлып, пышақты алып өлтіремін деп қорқытып жатыр екен", &mdash дейді марқұмның қызы.

Кейін, анасына араша түскен баланы итермек болғанда, әйелі алды-артына қарамай, сыртқа қаша жөнеліпті. Өлтіремін деп артынан қуып барған күйеуінен қорыққаны сонша, қаһарына мінген қыстың суығына да қарамаған.

"Далаға шығып адам іш киіммен кетпейді ғой. Оның ақыл-есі түзу. Ешқандай учетта тұрмаған адам. Дені сау адам олай жасамайды ғой, қандай ашу болса да, қандай ұрыс жанжал болса да, ол үйден шығып кетпес еді. Ол сол жерге барып жатып, өлейін деп жатпайды ғой 35 градус аязда, ешқандай адам шыдамайды. Адам түгілі айуан да шыдамайды", &mdash марқұм әйелдің әпкесі Теңлік Сағындықова.

Ал таң ата полицейлер марқұмды үсіп қалған күйінде үйден жарты шақырым жерден табады.

Міне, бір домашний тапочка мына жерде жатыр, екіншісі мына жерде жатыр.

Қайғыдан қан жұтқан туыстары енді әділдік іздеп шырылдап жүр. Бауырларын өлтірген қаскөй әлі бостандықта деп наразы. Погондылар марқұм үсіп көз жұмды деп істі жаба салған екен.

"Ол ізінен қоса жүгіріп шыққан адам, қатты ұзап жүгіре алмайтын адам, қалай жете алмай қалады, қалай көрмей қалады. Мен көрмей қалдым деп айтты дейді. Ол қалай көрмей қалады ізінен шығып тұр ғой. Осының ақ-қарасын анықтайтын бізде заң жоқ па? Заңымыз соншалықты жұмсақ, соншалықты солқылдақ па?!", &mdash деді марқұмның әпкесі Т.Сағындықова.

"Медициналық сот-сараптама бойынша, иә дене жарақаттары бар. Бірақ ол жарақаттардың өлімге қатысы жоқ. Қазір қосымша сот-медициналық сарапта өтсе, біз тиісті тергеу жүргізіп, процессуалдық шешім қабылдаймыз", &mdash ШҚО ПД ТБ бастығының міндетін атқарушы Дәурен Иманмәдиев.

Алайда, марқұмның ет жақындары азаматтық некедегі күйеуінің кінәлі екеніне сенімдіміз дейді. Бұған келтірер айғақтары да жетерлік.

"Бұл азамат егер ер жігіт болса, ол 102 хабарласып, шығып кетті деп айту керек еді. Егер ол өзі шығып кетсе біздің күдігіміз. Екіншіден ол Аягөзге қашып кеткен машинамен. Үйдегі баланың оқуына төлеу керек ақшаның бәрін алып кеткен. Егер ол кінәлі болмаса, сол арада отыруы керек еді, міне басымды кесіп ал, шығып кетті таппадым деп. Балаларға да звандатпаған. Звандама деп. Уақыт әбден өткен", &mdash дейді көз жұмған әйелдің күйеу баласы Жандарбек Қағазбеков.

Осылайша, күдіктінің қамауға алынуын талап еткен марқұмның туыстары қалалық медициналық сараптама қорытындысымен келіспей, енді облыстық сараптамаға үміт артып отыр.




Көрілген: 1589    Пікірлер: 0

сенбі, 27.02.2021, 14:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30