Ел жаңалықтары

Алматы 22 наурыз күні толығымен жабылады

  • Алматы 22 наурыз күні толығымен жабылады

    Алматы 22 наурыз күні толығымен жабылады

Алматы қаласы 22 наурыз күні толығымен жабылады. Бұл туралы брифингте қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы 22 наурызда толығымен жабылады

Фото: KAZ.NUR.KZ

Оның айтуынша, 22 наурыз күні сағат 00.00-де барлық блок бекеттер жабылатын болады.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына кептелістер мен кезектерді болдырмау үшін қазірдің өзінде логистикалық іс - шараларды жүзеге асыруды бастауға кеңес береміз", - деді әкім орынбасары.

Ол сондай-ақ Алматы тұрғындарына қалаға келу, ал басқа қала тұрғындары мен шетелдіктерге қайтып кету үшін 72 сағат берілетінін айтты.

Ал одан кейін көпшілікке қалаға шығуға және кіруге тыйым салынады, оның ішінде оңтүстік астанада жұмыс істейтін қала маңы тұрғындары да бар.

"Бүгін барлығы үйлеріне қайтуы керек. Алматыда тұрмайтын адамдар өз өңірлеріне аттанып, өз істерімен айналысуы тиіс. Үйде толық оқшаулауда болуды ұсынамыз", - деді әкімнің орынбасары.
 
 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнгі сағат 00:00-де Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады. Бұл вирустың Қазақстанның басқа да қалаларына таралуына жол бермес үшін жасалып жатыр.

Қала сыртында тұратын тұрғындар арнайы рұқсат қағазынсыз шаһар ішіне кіре алмайды. Ал рұқсат қағазын жергілікті әкімдіктер беруі тиіс.

Айта кетсек, бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов қазақстандықтарға Алматыға кіру және шығу үшін 72 сағат уақыт берілгенін айтты.

Сондай-ақ оңтүстік астананың полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек карантин кезінде адамдардың қала ішінде жүріп-тұруы үшін ешқандай шектеулер болмайтынын мәлімдеді.

Бұдан басқа, қала аумағында 27 бақылау өткізу пункті орнатылады, онда полицейлер мен дәрігерлер кезекшілік етеді.

 

 




Көрілген: 302    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 19:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30