Ел жаңалықтары

Алматы әкімдігі 4 жасар қыздары қайтыс болған отбасыға 3 бөлмелі пәтер береді

  • Алматы әкімдігі 4 жасар қыздары қайтыс болған отбасыға 3 бөлмелі пәтер береді

    Алматы әкімдігі 4 жасар қыздары қайтыс болған отбасыға 3 бөлмелі пәтер береді

Алматы әкімі тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан 4 жасар қыздың отбасымен кездесті. Бақытжан Сағынтаев көп балалы отбасыға пәтер берумен қатар, қаржылай көмек көрсетуге уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қыздары - төрт жасар Айкөркем Мелдехан қайтыс болған көп балалы отбасымен кездесті.

"Қала әкімі қыздың әкесі Айдос Мелдіханұлы мен анасы Динара Әбдімоваға орны толмас қазаға байланысты көңіл айтты", - делінген әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінде.

Алматыда қарақшылар "қазақша хип-хоптың атасына" оқ атып өлтірді: Жұбайы желіде жазба жариялады

Талдықорғанда бір отбасыны түгелдей комменданттық сағат кезінде атып өлтірген

Әкімдік Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде төрт жасар Айкөркемнің қайтыс болғанын, ал оның 15 жастағы әпкесі Жанель алған жарақатпен жансақтау бөлімінде жатқанын еске салды.

"Бақытжан Сағынтаев Жанелдің сауығып кетуін тілеп, қыздардың ата-анасын берік және мықты болуға шақырды", - деп қосты әкімдік. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматылықтар Сағынтаевтың отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялаған болатын.




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 16:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31