Ел жаңалықтары

Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

Ілияс Өсеров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Осы қызметте Ілияс Өсеров Әсел Жүнісованы алмастырды. Ол бала күтіміне байланысты қызметтен кетіп жатқанын жазған еді.


Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің және Туран-Астана университетінің түлегі. 2017 жылдың қыркүйегінен бастап Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы қызметін атқарды. Бұрындары Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болған.


Еңбек жолын ДБАО "Сбербанктің" несие әкімшілігі бөлімінде бастаған. ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінде, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда істеген. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болған.


Жаңа қызметінде Ілияс Өсеров стратегия мен бюджет, мемлекеттік активтер, туристік қызмет, халықаралық ынтымақтастық пен цифрландыру мәселелеріне басшылық жасайды.


 




Көрілген: 379    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.05.2019, 16:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30