Ел жаңалықтары

Алматы әуе айлағы пандемия кезінде ТМД-дағы ең қауіпсіз әуежай деп танылды

  • Алматы әуе айлағы пандемия кезінде ТМД-дағы ең қауіпсіз әуежай деп танылды

    Алматы әуе айлағы пандемия кезінде ТМД-дағы ең қауіпсіз әуежай деп танылды

Алматы халықаралық әуежайы ТМД-да бірінші болып пандемия жағдайында қауіпсіз деген мәртебеге ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әуе айлағы халықаралық әуежайлар кеңесінің (ACI) бағдарламасында аккредиттеуден өтті.

 
"Бағалау процесінде келтірілген дәлелдемелерді зерттегеннен кейін, әуежай ACI авиациялық бизнесті қайта бастау және қалпына келтіру жөніндегі ұсыныстарында және ИКАО кеңесінің авиацияны қалпына келтіру тапсырмасында белгіленген медициналық шараларға сәйкес барлық саяхатшылар үшін әуежайда қауіпсіз демалуды қамтамасыз ететінін көрсетті", - делінген халықаралық әуежайлар кеңесінің хабарламасында.

Алматы әуежайын аккредиттеу бір жыл бойы жарамды. Сертификат әуежайда карантиндік шараларды қамтамасыз етуді талдау, жолаушылар үшін жағдай жасау, дезинфекциялау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ тіркеу мен қарап тексеруде жолаушыларға қызмет көрсетуге тартылған қызметтердің жұмысын ұйымдастыру негізінде берілді.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі бұл бағдарлама саяхатшыларды қауіпсіздікке сендіруге және жолаушылардың денсаулығына қауіп-қатерді азайтуға бағытталған шараларды көрсетуге арналғанын мәлімдеді.




Көрілген: 200    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 12:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31