Ел жаңалықтары

Алматы әуежайы басқа жерге көшірілмек

  • Алматы әуежайы басқа жерге көшірілмек

    Алматы әуежайы басқа жерге көшірілмек

 Құжат бойынша, Алматыны дамытуға арналған алты аймақ пайда болады. Осылайша, халықаралық сарапшылар өндірістік кәсіпорындар мен халықаралық әуежайды қала сыртына көшіруді ұсынып отыр.


"Алмат ы-2050" даму стратегиясын дайындаушылар әуежайды көшіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ал осыдан бірнеше күн бұрын Алматының Халықаралық әуежайын шетелдіктердің сатып алуы туралы келісімшарт талқыланып жатыр деген ақпарат тараған еді.


Құжат бойынша, Алматыны дамытуға арналған алты аймақ пайда болады. Осылайша, халықаралық сарапшылар өндірістік кәсіпорындар мен халықаралық әуежайды қала сыртына көшіруді ұсынып отыр.


"Кейбір аумақтарда бірқабатты ғимараттар толып тұр, солардың барлығын сүріп тастауға болады. Мұның барлығы стратегия аясындағы Бас жоспарда қосымша дайындалады. Барлығы есептеледі. Келесі жылы дайын болады", - деді Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қайыров.


"Downtown Алматы теміржол вокзалынан төмен жақта орналасады. Қаланың төмен бөлігінде орналасқан аудандарды дамытамыз. Қала кеңеймейді, ондай жоспарда жоқ. 2040 жылға қарай әуежайды қала сыртына ауыстырып, ал әуежай орналасқан жерге кеңсе орындарын немесе тұрғын үйлер салу жоспарланып отыр," - деді "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басқарма директоры Айдос Жексенбай.


Tengrinews.kz




Көрілген: 565    Пікірлер: 0

сенбі, 23.11.2019, 23:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31